Pfizer вакцинасының алғашқы дозадан кейінгі тиімділігі белгілі болды.    

1004

Израильде препараттың бірінші дозасын бүгінгі таңда 4,13 миллионнан астам адам қабылдаған.  

Pfizer вакцинасының алғашқы дозадан кейінгі тиімділігі белгілі болды.    

Pfizer вакцинасының алғашқы дозадан кейінгі тиімділігі 85% шамасында, деп хабарлайды іnbusiness.kz  Израиль медициналық орталығының зерттеушілерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қаңтар айында аурухананың 7 мың қызметкері алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін, зерттеу тобы вакцинациядан кейінгі 15-28 күн аралығында ауру белгілерінің 85 пайызға азайғанын анықтады",– деп жазылған мәлімдемеде.Сонымен қатар жұқтырғандардың жалпы саны, оның ішінде асимптоматикалық тасымалдаушылар қатары 75%-ға азайды.

Израиль вакцина салдырған азаматтардың саны бойынша көш бастап тұр.

Вакцинацияның бірінші дозасын бүгінгі таңда 4,13 миллионнан астам адам, екіншісін 2,7 миллионнан астам адам алған. Pfizer компаниясымен арадағы келісім бойынша, Израиль елдегі вакцинация барысы және препараттың жанама әсерлері туралы ақпаратты жариялауға уәде берді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу