PISA-2025 зерттеуі: қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері белгілі болды

183

Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет 2009 жылы қатысты.  

PISA-2025 зерттеуі: қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері белгілі болды Фото: zakon.kz

PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы Қазақстанның математика бойынша орташа нәтижелері 2022 жылмен салыстырғанда төмендеді, ал оқу және жаратылыстану ғылымдары бойынша көрсеткіштер 2022 жылғы деңгейде сақталды.

"Оқу сауаты бойынша нәтижелер он жылдан астам уақыт бойы (2009 жылдан бері) салыстырмалы түрде тұрақты күйінде қалып отыр. Жаратылыстану ғылымдары бойынша 2025 жылғы көрсеткіштер 2018 жылға қарағанда жоғары болды, ал математикадан біршама төмен. 2022-2025 жылдар аралығындағы соңғы кезеңде ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар (ең жоғары балл алған 10%) мен ең төмен нәтиже көрсеткендер (ең төмен балл алған 10%) арасындағы алшақтық математика мен жаратылыстану бағытында айтарлықтай өзгерген жоқ, ал оқу сауаты бойынша бұл алшақтық қысқарды. 2018 жылмен салыстырғанда үлгерімі төмен оқушылардың үлесі (2-деңгейге жетпегендер) математика пәнінен 7 пайыздық тармаққа өсті, оқу сауаты бойынша айтарлықтай өзгерген жоқ, ал жаратылыстану ғылымдары бойынша 12 пайыздық тармаққа азайды", – делінген зерттеуде.

Қазақстанда зерттеумен 643 білім беру ұйымынан 15 жастағы 22 680 оқушы қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу