Питер Фостер бұдан былай кәсіпкер Тимур Турлов ірі үлеске ие жүк тасымалдаушы Alatau Air Cargo компаниясының жаңартылған директорлар кеңесінің құрамына енді, деп жазады inbusiness.kz сайты Forbes.kz-ке сілтеме жасап.
Компания акционерлері 2026 жылдың қаңтар айының соңында бекітілген бұрынғы директорлар кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, басқару органының құрамын толық жаңарту туралы шешім қабылдаған.
Жаңа директорлар кеңесін Тимур Турловтың өзі басқарады. Хабарламаға сәйкес, Питер Фостер авиакомпанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.
Кеңес құрамына:
- Сергей Анашкин – тәуелсіз директор;
- Ерлан Қойшыбаев;
- Сергей Швалов;
- Айбек Қапар кірді.
Питер Фостер Air Astana әуе компаниясының президенті қызметіне 2005 жылы тағайындалды. Оның басшылығы кезінде Air Astana Қазақстанның әуе тасымалы нарығында көшбасшы орынға шықты. Компанияның нарықтағы ықпалы соншалықты күшейгендіктен, оны кейде монополиялық белгілері үшін сынға алып келеді.
2015 жылы Питер Фостер Қазақстандағы британдық авиацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Британ империясы орденінің кавалері атағына ие болды.
Ал 2024 жылы оған авиация саласындағы ең беделді марапаттардың бірі саналатын Airline Business Award табысталды. Бұл марапатты кейде авиация әлеміндегі "Оскар" деп те атайды. Питер Фостер атқарған қызмет тек беделді ғана емес, жоғары жалақы төленетін лауазымдардың бірі болды. 2024 жылы Air Astana басшылығы жалпы алғанда 525 миллион 391,7 мың теңге табыс алған.