Планшет мектеп оқулығын алмастырмайды

796

Бұл – білім алуға арналған қосымша ресурс. 

Планшет мектеп оқулығын алмастырмайды Фото: liter.kz

Оқу-ағарту вице-министрі  Айбат Ілиясов оқулықтарды планшетпен алмастыру туралы министрлік бастамасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Айбат Ілиясовтың дерегінше, планшеттердің көмегімен балалар цифрлы сабақтарға, жаттығулар мен тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады.

"Интернеті нашар өңірлер үшін жүктелген цифрлы сабақтарды, тапсырмаларды, білім беру ресурстары және оқулықтарды офлайн пайдалану мүмкіндігі болады",-дейді Айбат Ілиясов.

 Оның сөзінше Оқу-ағарту министрлігі  Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

"Егер қандай да бір себептермен бала планшеттерді қолданғысы келмесе, онда ол әдеттегідей дәстүрлі оқулықтарды және стационарлық құрылғылардан білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Яғни планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл - оқудың қосымша ресурсы. Таңдау ата-аналар мен оқушылардың еншісінде болады", - дейді  Айбат Ілиясов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу