Пойызға мінерде жеке куәлікті көрсету міндетті емес

775

Бұрын жолаушылар пойызға мінерде жеке куәлігін көрсетуге тиіс болатын. Енді оның орнына құжаттың электрондық нұсқасы да жарамды. Бұл туралы Электрондық үкіметтің Телеграмдағы парақшасында жарияланды. 

Пойызға мінерде жеке куәлікті көрсету міндетті емес

Қазақстанда "Цифрлық құжаттар" қызметі іске қосылып, оның тізіміне 9 құжат енді. Соның бірі –жеке куәліктің электрондық нұсқасын жолаушылар пойызға мінерде де қолдана алады. 

Бірақ е-жеке куәлігін пайдалану кезінде мына қағидаттарды қаперге ұстаған жөн: бұл цифрлық құжат тек Қазақстан Республикасы аумағына жүретін пойыздарға ғана жарамды. Халықаралық және шекарамаңы маршруттарына е-жеке куәлігі қабылданбайды; алда-жалда телефоныңыздың қуаты бітіп қалса, интернет-трафигіңіз болмаса, е-жеке куәлігінізді тексеру мүмкін болмайды, онда жеке куәліктің түпнұсқасын көрсетуге тура келеді. 

Сондай-ақ, пойыздың билетін қайтарғанда да жеке куәліктің түпнұсқасы болуы керектігін ұмытпаған жөн.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу