Покурорлар борышкерді фэйсбуктегі парақшасы арқылы ұстап алған

1196

Мемлекетке 46 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкер мемлекеттік сот орындаушыларға 1 жылдан бері ұстатпай жүрген.

Покурорлар борышкерді фэйсбуктегі парақшасы арқылы ұстап алған

Оған өткен жылдың қыркүйек айында іздеу жарияланған. Бірақ, бір жылдан бері оның жүрген жерін, мекенжайын сот орындаушылары мен көші-қон полициясы анықтай алмапты. Тіпті, атқарушылық іс-әрекеттер борышкердің іздеуде жүргендігіне байланысты тоқтатылған. Осы тұста іске прокурорлар араласып, әлеуметтік желі арқылы борышкердің жүрген жерін анықтап, сол күні ол дереу сот орындаушыларға жеткізіліпті.

"Борышкердің фэйсбукте акаунты болып шықты. Сонда тұрғылықты жері көрсетілген екен. Қаладағы Еңбекші ауданынында тұрады екен. Құзырлы органдарға сұраныс хат жіберіп, мекенжайын біліп, үйіне бардық. Сөйтсек, борышкер үйінде отыр екен. Оны сот орындаушысы үйіне барып іздемеген екен. Прокурорлар жеке өздері барып, прокуратураға шақырту беріп кеткен. Ертеңіне ол келді. Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс-өндірісі қозғалып, 12 625 тенге көлемінде айыппұл салынды",– дейді Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз хатшысы Ардақ Кәміл.

Жасы 40-қа жақындаған борышкер 2011-2015 жылдары жалған кәсіпкерлікпен айналысқан. Яғни, компаниясының мүлкін тіркемеу арқылы салықтан жалтарған екен. Кейіннен бұл қылмысы әшкереленіп, 2017 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мемлекет қазынасына 46 миллионнан астам қарызын өтеу жайлы шешім шығарған. Қазірде сот шешімінің орындалуы прокурорлармен бақылауға алыныпты.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу