Полицейлер 9,5 млн доллар болатын 260 келі есірткіні тәркіледі

672

Күдіктілер есірткіні пошта арқылы Қазақстанға жіберіп отырған. 

Полицейлер 9,5 млн доллар болатын 260 келі есірткіні тәркіледі

Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде құзырлы органдар ірі трансұлттық синтетиканы жеткізу арнасын жойды. 

"Синтетикалық есірткілерді пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізу арнасының жолын кесу бойынша қос елдің аумағында арнайы операция жүргізілді", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар барысында полицейлер Ресейдегі синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады.

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны "синтетиканы" дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған.

Ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – көлік майы, тұрмыстық химия және тағы басқа түрінде жасырған.

Полиция қызметкерлері жалпы сомасы 9,5 млн доллардан асатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу