Полицейлер Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты қызметтік тексеруді бастады

284

Нақты құқықтық баға беріледі.

Полицейлер Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты қызметтік тексеруді бастады Фото: Алматы ПД

Бірнеше күн бұрын Әл-Фараби даңғылында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов халықпен кездесу кезінде резонанс тудырған жол-көлік оқиғасына қатысты сұраққа жауап берді. Ол жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Алдағы уақытта оған қатысты тергеу әрекеттері толық жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынады", – деді полиция бастығы.

Сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов жол апатына көше жарысының себеп болғаны және оған полицияның жоғары лауазымды тұлғасының қатысы туралы желіде тараған ақпараттарға пікір білдірді.

"Полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, нақты құқықтық баға беріледі. Егер қызметкерлердің кінәсі анықталса, ең қатаң шараларды қолданамыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу