Сол маңда кезекшілігін атқарып жүрген "Бекет-1" бақылау пунктіндегі полиция қызметкерілері тосын жайтқа тап болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абай облысының полиция департаменті қызмет бабында жүрген Нұржан Алтынбековтің жанына бір көлік келіп тоқтап, көмек сұрағанын мәлім етті. Көліктен түскен әйел қызында "квинке ауруы" бар екенін, ісініп бара жатқанын, дәрі берсе де көмектеспей жатқанын айтқан.
Нұржан Алтынбеков рация арқылы бірден патурльдік полиция шақырған. Дархан Жұмашев пен Азамат Айтжановтан құралған экипаж оқиға орнына жедел жетіп, бала мен анасына көмектескен.
– Полиция қызметкерлері баланы тез арада ауруханаға алып барды. Қазір баланың ісігі қайтып, өміріне төнген қауіп сейілген, – деп жазады полиция.
Баланың анасы қол ұшын созған 3 полицейге алғыс жаудырып, аналық батасын берді.
Жаза кеткен жөн, квинке ісігі – аллергиялық ауру. Мұндай дерті бар адамдар аяқасты ісінеді. Әуелі адамның тілі, ерні, терісінің асты түгел домбығады. Шұғыл түрде дәрі салмаса, бұл аллергиялық аурудың арты ажалға әкеліп соғу ықтимал.