Полицейлерден қашқан әрекетін әлеуметтік желіде жариялаған қарағандылық тұрғын ұсталды

135

18 жастағы жігіт мотокөлікті басқарып, бірнеше рет жылдамдықты асырған.    

Полицейлерден қашқан әрекетін әлеуметтік желіде жариялаған қарағандылық тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағандыда полицейлерден қашқан әрекетін әлеуметтік желіге жариялаған азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас жігіт полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Ол өз әрекеттерін бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында оған қатысты:

  • Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту;
  • Ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау;
  • Көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару;
  • Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу