Полицейлердің қысқы формаға ауысуына байланысты дәстүрлі саптық байқау өтті

1329

Жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдады.

Полицейлердің қысқы формаға ауысуына байланысты дәстүрлі саптық байқау өтті

Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионда елордалық полиция департаменті жеке құрамының қысқы нысанды киімге ауысуына байланысты дәстүрлі саптық байқау өтті, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Жоспарлы шара полиция қызметкерлерінің қысқы формаға ауысына байланысты өткізілді. Салтанатты жиында республикамыздың мемлекеттік гимні шырқалды. Барабанның үнімен құрмет қарауылы гарнизонның туын алып шықты. Саптық байқауды өткізуге дайын екендігі туралы баяндамадан кейін ІІД бастығы полиция генерал-майоры Марат Қожаев сапты қабылдады.

Саптық байқау барысында нысанды киім-кешектің жай-күйі, қызметтік куәліктерінің және арнайы жетондарының сәйкес келуі, сондай-ақ бөліністердің саптық дағдылары, жаттығу деңгейі, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы тексерілді.

Елордада қызмет атқару департаменттің жеке құрамына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Елордалық тәртіп сақшылары ауқымды қоғамдық-саяси, республикалық және халықаралық масштабтағы спорттық-мәдени іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибені жинақтады.

Байқау соңында әрбір колонна адымдарын нық басып, саптық адыммен өтті. Олардың ішінде учаскелік полиция инспекторлары, тергеушілер, жедел уәкілдер, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және басқалар бар. Ерлермен қатар әйел-полицейлерден құралған колонна да саптық шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдады және азаматтардың тыныштығын күзете отырып, қызметтік борышын адал атқаруға ант берді, ал бұл полицейлер жұмысының басты шарты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу