Полицейлерге компьютер мен кеңсе техникалары жетіспейді

1461

Полицейлерге компьютер мен кеңсе техникалары жетіспейді

Үкімет отырысында сөз алған бас прокурорлың орынбасары Мұрат Ахметжанов қылмыстық істерге прокурорлық тексеріс барысында бұрмалану, қылымыстық іс материалының жоғалуы, азаматтардың құқы бұзылған фактілер кездескенін атап кетті.  

Оның айтуынша, "Электронды қылмыстық іс" жобасын жүзеге асыру аясында қылмыстық рәсімдерді цифрландыру – қылмыстық рәсімдерді онлайн режимде тиімді бақылау мен ведомстволық қадағалауға мүмкіндік береді.

"Жоба бойынша жұмыс өткен жылдың ақпан айынан бастап іске қосылған. Өзіміздің жүйемізді сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне және Жоғарғы соттың "Төрелік" мәліметтер базасына біріктірдік. Тамыз айынан бастап ІІМ және мемлекеттік кіріс комитетімен облыстарда пилоттық жобаны жүргізіп жатырмыз", – деді Мұрат Ахметжанов.

Жобаның осал тұсы – байланыс арналарының әлсіз болуы, осының салдарынан жүйе жұмыс істемей тұрып қалады, сонымен қатар жабдықтың жетіспеуі.

"Бүгінгі күні, өкінішке қарай, сот залдарының барлығы бірдей жаңа форматтағы тыңдау жабдығымен қамтылмаған. Тергеушілер мен анықтаушыларға  кеңсе техникасы, компьютер және т.б материалдар жетіспейді. Кейбір тергеушілер компьтерде жұмыс істеу үшін кезек күтуге мәжбүр. Сондықтан материалдық-техникалық жабдықтауға  облыстық және республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажет", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу