Полиция Ақсудағы жанжалға қатысты түсінік берді

630

Береке кентінің 30 шақты тұрғыны полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдады.

Полиция Ақсудағы жанжалға қатысты түсінік берді

Облыстық полиция департаменті Ақсу қаласына қарасты Береке кентінің тұрғындары арасында орын алған жанжал неден шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық полиция департаменті төбелес фактісі бойынша Қазақстан Республикасының 380-бабы, 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жақында әлеуметтік желіде аталған ауылдағы тұрғындар арасындағы жанжал түсірілген видео тарап кеткен болатын.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қалқаман ауылының жанында орналасқан мобильді бекетке ауыл тұрғындары тиісті құжаттарсыз "микросфера" күл-қоқыс шикізатын тасымалдау туралы мәселемен жүгінген екен.

"Оларға рұқсат берілмеген. 2020 жылы сағат 13.05-те сағат 17.30-да мобильді бекетте Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашиналармен келіп, күш қолданамыз деп қорқытумен полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен. Қалыптасқан жанжалды жою, сондай-ақ оның жалғасуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдар қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты", – дейді ведомстводан.

Арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

"Видеода ролик авторы ауыл тұрғындары тарапынан шыққан қорқытуларды басында және соңында алып тастағаны көрініп тұр, онда полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз әрекетін түсіндірген, – дейді ПД баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу