Полиция балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

489

Алматы облысының полициясы балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция балалар үйі тәрбиеленушілерін ұрып-соғып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

27 тамыз күні Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұрып-соғылғандығы жайында ақпарат келіп түскен.

Аталған дерек бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа "Солнышко" балалар үйіне тапсырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген факті бойынша жиналған материал соттың қарауына жіберілді. Балаларды одан әрі қорғаншылыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу