Қошанов: Полиция физикалық және ақпараттық шабуылға ұшырап отыр

1415

Төменгі палатаның төрағасы Ерлан Қошанов билік өкіліне шабуыл жасау, заң талаптарына бағынбағандарға жауапкершілікті күшейту және күштік құрылымдардың шешім қабылдау кезіндегі дербестігі, яғни шабуыл жасағанда шешім қабылдауы туралы заң жобасын тез әзірлеп, жедел қабылдау керегін айтады.

Қошанов: Полиция физикалық және ақпараттық шабуылға ұшырап отыр

"Президент заң жобасын әзірлеуге тапсырма берді. Бір ай өтті. Қайда? Мәжіліске маусымда енгізбек екенсіздер. Оны қабылдағанша жыл аяғы болады. Күшіне енгенше келесі жылдың қаңтары болмақ. Сонда президент тапсырмасын бір жыл орындаймыз ба? Сондықтан жеделдетуді ұсынамын. Ол кезде бұл өзекті бола ма, оған дейін бір жыл ішінде қандай оқиғалар болуы мүмкін?", – деп алаңдайды Қошанов. 

Ол бұл ұсынысын бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке айтқан болатын. Қошановтың сөзіне қарағанда, полиция қазір екі шабуылға ұшырап отыр.

"Біріншісі қаңтар айында физикалық тұрғыда болса, екіншісі –  одан кейінгі ақпараттық шабуыл. Ал керек кезде бізді қорғайтын осы полиция. Біз полицияны моральдық тұрғыда қолдауымыз керек", – дейді мәжіліс спикері. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу