Полиция Қарқаралыда адамдарға шапқан қасқырдың көзін жойды

883

Таңертең жұмысқа бара жатқан екі адамды қасқыр жаралап кеткен.

Полиция Қарқаралыда адамдарға шапқан қасқырдың көзін жойды     Фото: ПД

Қарқаралыға қасқырлар шабуыл жасады. 21 желтоқсанда таңертеңгі уақытта Қарқаралының шеткі жағынан кірген қасқыр жұмысқа бара жатқан екі адамға шабуыл жасап жарақаттап кеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Шуды естіген сол маңдағы адамдар араша түскен. Қарқаралы тұрғындарының айтуынша елді мекенге бірнеше қасқыр кіріп адамнан бөлек бірнеше ит пен малға шабуыл жасаған.

"Көзімізбен көрдік терезеден қашып бара жатқанын. Шеткі көшедегі сиырды жарып тастаған деді. Ал адамдарды барлығы шулап жүріп әзер алып қалған екен. Қыс енді басталды, қасқырдың қорықпай ауылға кіруі жаман екен, - деді Қарқаралы тұрғыны Ерлан Ізбасар.

Полицияның дерегінше Қарқаралыға кірген бір қасқыр екі адамды жаралап кеткен. Оларға медициналық көмек көрсетіліп дәрігерлер үйге жіберген. Бір адамның қолын қасқырдың тісі қатты жарақаттап кеткен. Зардап шеккендерге құтырма ауруына қарсы екпе салынған.

Қарқаралының Полиция қызметі іздеу салып, кешке қарай қасқырдың көзін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу