Полиция киімін киіп TikTok-қа түскен алматылық жазаланды (Видео)

815

Шаһар тұрғыны бұл әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Полиция киімін киіп TikTok-қа түскен алматылық жазаланды (Видео)

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

"Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Сюжет бойынша полиция қызметкерінің киімін киген жас жігіт өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге TikTok билеуге шақырады. Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу