Қазақстан полициясы қала көшелерінде мопед санының артуына байланысты жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомство мәліметінше, мопед – жай ғана ыңғайлы көлік емес, толық жауапкершілікті талап ететін қозғалыс құралы:
- Рөлге отырған әр адам өз өмірімен қатар, айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
- Полиция өкілдері мопед басқару үшін міндетті түрде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі (A1, A немесе B) қажет екенін атап өтті. Бұл талап – формальдылық емес, жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін меңгергенін дәлелдейтін маңызды құжат.
- Сондай-ақ мопедті мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті. Тіркеу нөмірі мен техникалық паспорттың болуы заң талаптарын орындаумен қатар, түрлі жағдайларда жүргізушінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
- Қауіпсіздік шараларының ішінде мотошлемнің маңызы ерекше. Полиция жүргізуші де, жолаушы да мотошлем киюі тиіс екенін ескертеді. Бұл талапты елемеу адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.
- Жол қозғалысы мәдениетіне ерекше мән берілген. Мопед жүргізушілері жолдың оң жақ жиегімен немесе арнайы велосипед жолдарымен жүруі тиіс.
- Ал тротуар жаяу жүргіншілерге арналған аймақ болғандықтан, олардың қауіпсіздігін сақтау – басты міндеттердің бірі.
- Сонымен қатар, мас күйде көлік басқаруға қатаң тыйым салынады. Алкоголь мен өзге де масаңдататын заттар жүргізушінің реакциясын төмендетіп, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу