Полиция тарихи тапаншаны тәркілеп, музейге өткізді

176

Атыс қаруы – ХІХ ғасырдың соңы кезеңіндегі қару жасау ісінің дамуын айқын көрсететін, тарихи маңызы үлгілердің бірі.  

Полиция тарихи тапаншаны тәркілеп, музейге өткізді Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы полиция департаментінің музей экспозициясы 1895 жылы жасалған немістің ағаш қын-қобурасы бар Маузер тапаншасымен толықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған тапанша 2025 жылы Атырау қаласының тұрғынынан "Әлімбет" бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекарадан заңсыз алып өтпек болған кезде тәркіленген. Жедел іс-шаралар барысында азаматтың қаруды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сақтағаны анықталды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотта қаралды. Сот шешімімен күдікті кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тарихи-мәдени құндылыққа ие зат ретінде тәркіленген тапанша Ақтөбе облысы полиция мұражайына тапсырылды.

Қазіргі таңда бірегей экспонат музей экспозициясынан лайықты орын алып, экскурсиялық және танымдық бағыттағы жұмыстарда пайдаланылуда. Ол келушілерге атыс қаруының даму тарихын ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарының заңсыз қару айналымына қарсы жүргізіп отырған жұмыстарының нәтижесін де айқын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу