Полицияның лауазымды тұлғасы қылмыстық істі жабу үшін $50 мың алды деген күдікке ілінді

553

Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғалары басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алды деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz

Полицияның лауазымды тұлғасы қылмыстық істі жабу үшін $50 мың алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"А.ж. 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. А.ж. 9 шілдесінде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – дейді Антикордан.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу