Полицияның жүргізуші куәліктерінің сатылуына қатысы жоқ – ІІМ

904

Мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін сатып алған: ІІМ хабарлама жасады. “Екі жылдан астам уақыттан бері полиция жүргізушілікке үміткерлерден теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауға қатыспайды.   

Полицияның жүргізуші куәліктерінің сатылуына қатысы жоқ  – ІІМ

БАҚ-та Ақмола және Қостанай облысының мамандандырылған ХҚКО-ларында мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі хабарлама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның ақпараттық порталына сілтеме жасап.

“Екі жылдан астам уақыттан бері полиция жүргізушілікке үміткерлерден теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауға қатыспайды. Полиция қызметкерлері ведомстволық есепке алу бойынша жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жүргізуші куәлігінен айыру және басқа да мәлімет алу тұрғысынан ғана тексеруді жүзеге асырады”, – деп мәлімдеді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл жүргізуші куәліктерін беру кезінде азаматтардың полициямен байланысын азайту және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін жасалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 43%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу