Польша 4-бапқа сәйкес НАТО-дан кеңес сұрамақ

583

Сонымен қатар, елдің Украинамен шекаралас аумағындағы жарылысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көтереді.  

Польша 4-бапқа сәйкес НАТО-дан кеңес сұрамақ Фото: rbc.ru

Польша Президенті Анджей Дуда 4-бапқа сәйкес НАТО әскери альянсынан кеңес сұрауға ниетті. "Біздің елшіміз сәрсенбі күні НАТО штаб-пәтерінде өтетін Солтүстікатлантикалық альянс отырысына қатысады. Елші 4-баптың іске қосылуын, я болмаса Одақтастармен кеңес өткізуді сұрайды", деді Анджей Дуда. Бұл туралы inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

16 қараша, сәрсенбі күні, альянс Жарғысының 4-бабына сәйкес, НАТО елшілері Польшаның өтінішімен шұғыл кеңес өткізеді. НАТО-ның 4-бабы бойынша ұйымға мүше елдердің бірі территориялық тұтастығына, саяси егемендігіне немесе қандай да бір тараптан қауіп төнгенін хабарласа, тараптар кеңес өткізеді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу