Польша әуежайларында үш күнде екінші рет белгісіз дрондар байқалды

371

Голландиялық Эйндховеннен ұшатын венгриялық Wizz Air лоукостерінің экипажы поляк Катовице-Пижовице әуежайына қонған кезде белгісіз дронды байқады.  

Польша әуежайларында үш күнде екінші рет белгісіз дрондар байқалды Фото: strana.ua

Дрон ұшуға тыйым салынған аймақта табылды. Мұндай жағдай осымен екінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz RMF FM радиостанциясына сілтеме жасап.

RMF FM мәліметтері бойынша, Wizz Air экипажы ұшу-қону жолағынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Мышков-Миглудтың үстінен ұшып бара жатқанда шамамен 1200 м биіктікте ірі дрон ұшақтан шамамен 50 м қашықтықта ұшып өткенін хабарлады. Бұл оқиға поляк аэронавигациялық қызметтер агенттігінің (Pansa) баспасөз қызметінде расталды.

Тағы бір дронға қатысты оқиғасы Фредерик Шопен ат. Варшава әуежайында болды. Онда ұшқышсыз ұшақ поляк авиакомпаниясының LOT ұшағынан шамамен 30 м қашықтықта ұшып өткен, деп хабарлайды RMF FM. Мемлекеттік авиациялық апаттарды тергеу комиссиясы мен азаматтық авиация басқармасы тергеуді бастады.

Познаньдан ұшып бара жатқан Embraer ұшағының экипажы қонуға оқталған кезде дронды байқаған, деп жазды портал tvn24.pl. Ұшқыш диспетчерге дрон 600 м биіктікте ұшақтан 30 м қашықтықта ұшқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу