Польша Қытайдан келген туристерге шектеу қоймайды

522

Польша Қытайдан келетіндер үшін COVID-19 бойынша арнайы шектеу қоймайды. Бұл туралы бейсенбі күні баспасөз мәслихатында Польшаның денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

Польша Қытайдан келген туристерге шектеу қоймайды Фото: dw.com

"Мұндай шараларды енгізу ақталмаған сияқты", - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада COVID-19 жұқтырғандар саны азайды.

"Екіншіден, бұл өте маңызды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық денсаулық сақтау саласына жауапты агенттік те Қытайдағы қандай да бір жаңа вирустық мутация барын анықтаған жоқ", - деді А.Недзельский.

Одан бөлек, ол Қытайдан келген адамдардан елде тіркелмеген, бөлек вирус геномы анықталмағанын да атап өтті.

"Біз Польшада да бар вирус геномының әдеттегі құрылымына тап болдық", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу