Польшада мейрамханада атыс болып, екі адам қаза тапты

337

Алдын-ала ақпарат бойынша, қайғылы жағдайға зинақорлық себеп болған. 

Польшада мейрамханада атыс болып, екі адам қаза тапты Фото: eadaily.com

Оқиға Қасиетті Мартин көшесіндегі "Познань" қонақ үйінің жанындағы мейрамханада болды. Куәгерлер "Выборча газетіне" екі рет оқ атылғанын, кейін екі адамның еденге құлағандарын көргендерін айтқан, деп жазады Inbusiness.kz.

"Басында мен балалар петардалармен ойнап жүр деп ойладым, бірақ біраз уақыттан кейін бір әйел шыңғырып, көмекке шақыра бастады. Басына оқ тиген бірінші жігіт қансырап жатты, оның қасында мылтық болды. Оның алдында тағы бір адам жатты. Алдымен біреуі екіншісіне, содан кейін өзіне оқ атқан сияқты болды", — деді куәгер басылымғы.

"Епознань.Пл" порталы берген бейресми ақпарат бойынша, атқан адам әйелдің күйеу жігіті болған, ал екіншісі оның көңілдесі болуы керек. Екеуі де Познань тумалары, біреуі 30-да, екіншісі 31 жаста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу