Салдарынан елдегі фермерлер келесі егіс науқанына кірісе алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, транзит шығындарын жабу үшін Украинаға 1,1 млрд еуро қажет. Украинаның Аграрлық саясат және азық-түлік министрі Тарас Высоцкий осы аптада Еуроодақтағы әріптестерімен кездесті. Ол Брюссельге сапары барысында астықты Қара теңіздің орнына Еуропа арқылы экспорттау мәселесін көтерді. Шенеуніктің сөзінше, елде бұл салада қиын жағдай тіркеліп отыр.
Politico басылымының жазуынша, негізгі транзит елдері – Польша мен Румыния Киевке көмектесуден бас тартқан. Екі ел де ішкі нарық пен өз фермерлерін қорғауды басты орынға қойып отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар Тарас Высоцкий жиналған астық пен майлы дақылдардың жиналып қалғанын, ал фермерлер келесі жылы өнім алу үшін күздік дақылдарды егуге қажетті қаражатсыз қалып отырғанын мәлімдеді.
"Егер жағдай көктемге дейін осылай сақталса, бұл егіс алқаптарының 35-40%-ға дейін қысқаруына әкелуі мүмкін", – деп атап өтті украиналық министр.
Экспорттың қысқаруы әлемдік астық саудасы көлемінің 17%-дан астамына әсер етуі мүмкін. Қазір украин экспортының жартысынан азы ғана Еуропаның теміржол, автокөлік және өзен бағыттары арқылы жөнелтіле алады.
Егер бұғаттау сақталса, биыл Украинада 35 миллион тоннаға дейін жүк өтусіз тұрып қалуы мүмкін, деді Украинаның Аграрлық саясат және азық-түлік министрі.