Польша жеріне украин зымырандары құлаған болуы мүмкін

453

Алайда, сейсенбі күні Польшаның Украинамен шекаралас аумағына құлаған зымыранның қай елдікі екені әлі белгісіз. 

Польша жеріне украин зымырандары құлаған болуы мүмкін Фото: Рен ТВ

Аты жөнін жасырып қалуды жөн көрген АҚШ-тың үш лауазымды тұлғасы Польша жеріне құлаған зымырандарды Ресей зымырандарын атып түсіру мақсатында Украина әскери күштері жіберген болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп жазады Associated Press  агенттігі. Өйткені Ресей сейсенбі күні Украинаның электр инфрақұрылымдарына жаппай соққы жасаған болатын.

Дегенмен, АҚШ Президенті Джо Байден де, Польша Президенті Анджей Дуда тексеру нәтижелері шықпай жатып, зымырандардың қай елге тиесілі екенін дөп басып айту мүмкін емес екенін мәлімдеген болатын. Бүгін Польшаның бастамасымен НАТО штаб-пәтерінде Альянстың шұғыл отырысы өтеді.

Сейсенбі күні Польшаның Украинамен шекаралас аумағына екі зымыран құлап, екі адам опат болған еді. Украина бұл оқиғаға Ресейді кінәлаған болатын. Ресей тарапы айыптауларды жоққа шығарған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу