Польша жіберген компьютерлер Ирактан әкелінген балаларға беріледі

645

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіліне гуманитарлық көмек тапсырылды.

Польша жіберген компьютерлер Ирактан әкелінген балаларға беріледі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде "Мейірімділік" ерікті қоғамы" қорына гуманитарлық көмек тапсырылды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
 
ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақовтың айтуынша, гуманитарлық көмек Польшадан жеткен. "Wipasz" компаниясының бірнеше рет қолданатын медициналық қорғаныс маскалары, сондай-ақ Любомирский князь қорының сыйға берген 10 ноутбугі ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіліне тапсырылды.

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның айтуынша, алынған компьютерлер қашықтан оқыту үшін көмекке мұқтаж балалар арасында таратылатын болады.

Сонымен қатар, ноутбуктардың бір бөлігі өткен жылдың қараша айында сәтті жүзеге асырылған "Русафа" гуманитарлық акциясы аясында Ирактан Қазақстанға әкелінген балаларға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу