Польшада екінші дүниежүзіліс соғыс кезіндегі бомба табылды

1218

Бомба елдің батысында орналасқан Свиноуйсьце қаласындағы Пястовский арығынан табылған.

Польшада екінші дүниежүзіліс соғыс кезіндегі бомба табылды

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Оның салмағы шамамен 5 тоннаны құрайды. Бомбаның атауы Tallboy, оны соғыс кезінде Польшаның одақтастары пайдаланған.

Жақын күндері жергілікті мамандар бомбаны залалсыздандыруға қатысты штаб құрмақ. Сарапшылардың айтуынша, ол жарылса, бірнеше шақырымдық жердің тас-талқаны шығуы мүмкін. Сондықтан Свиноуйсьце қаласының 40 мыңға жуық тұрғынының біразы эвакуауияланады. 

Польша жерінен мұндай бомба Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері бірінші рет табылып отыр. Сондықтан елдің әскери-теңіз күштері жарылғыш затты арық түбінен алып, залалсыздандыру үшін тыңғылықты дайындалуда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу