Польшада НАТО зымыран әскерінің жаттығулары басталды

702

Оған АҚШ, Франция, Германия, Норвегия, Чехия, Словакия, Ұлыбритания, Италия, Бельгия, Румыния, Түркия және Испанияның әскерилері қатысады.

Польшада НАТО зымыран әскерінің жаттығулары басталды

Польшада НАТО-ның Ramstein Legacy 2022 деп аталатын біріккен зымыран әскері жаттығуларының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Польша Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Маневрлерге одақтастардың әуе күштері мен НАТО құрылымдары басқаратын зымыран бөлімшелері қатысады", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Оқу-жаттығуға АҚШ, Франция, Германия, Норвегия, Чехия, Словакия, Ұлыбритания, Италия, Бельгия, Румыния, Түркия және Испанияның әскерилері қатысады.
Әскери жаттығулар Польша мен Балтық елдері аумағында 30 мамырдан 12 маусымға дейін өткізіледі. Солтүстік Атлантикалық альянс әскерлерінің негізгі міндеті – атыс жаттығуларын орындау, жалпы жауынгерлік дайындықты арттыру және әуе шабуылына қарсы қорғаныс барысында кезекшілік атқару кезіндегі бірлескен іс-қимылдарды пысықтау.

Бұған дейін НАТО өкілдері АҚШ, Франция және Германияның төрт кемесінің қатысуымен Балтық теңізінде теңіз жаттығуларының басталғанын мәлімдеді. Оқу маневрлері 27-30 мамыр аралығында Швеция мен Финляндия акваториясында өтті.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу