Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза болғаны туралы ақпаратты растады, деп хабардайды inbusiness.kz сайты.
– Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі қаза тапқан азаматтың жақындарымен, сондай-ақ Польша жағының құзыретті органдарымен байланыста. Барлық консулдық-құқықтық мәселе бойынша, соның ішінде Екатерина Шилованың денесін елге қайтару бойынша қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, – делінген СІМ ресми жауабында.
Екатерина Шилова Варшавадан Астанаға ұшып шығуы тиіс еді, алайда белгісіз себептермен ұшаққа отырмаған. Содан бері жақындары онымен байланысқа шыға алмай, дабыл қаққан болатын.