Польшаға украиндық босқындар келгелі АИТВ-инфекциясының рекордтық саны тіркелді

450

2022 жыл Польшаға рекордтық инфляцияны ғана емес, сонымен қатар АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының рекордтық санын әкелді. 

Польшаға украиндық босқындар келгелі АИТВ-инфекциясының рекордтық саны тіркелді

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі мұндай жағдайға Украинадан келген босқындар да себеп болғанын айтады.

2022 жылдың басынан қыркүйектің аяғына дейін Польшада АИТВ-инфекциясының 1678 жаңа жағдайы анықталды. Осы қарқын жыл соңына дейін сақталса, елде қауіпті диагнозы бар 2000-нан астам адам тіркеледі деген болжам бар.

Сеймнің солшыл депутаты Анита Савинскаяның өтініш білдіруінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі осындай деректерді жариялап отыр.

"Жақын арада АИТВ-инфекцияларының саны артуы мүмкін. Бұған ықпал ететін факторлар, атап айтқанда, жыныстық саладағы әлеуметтік мінез-құлықтың өзгеруі мен Украинадан босқындардың келуі", – деп хабарлайды Министрдің орынбасары Вальдемар Краска.

Шенеунік 2022-2026 жылдарға арналған ұлттық бағдарлама негізінде АИТВ/ЖИТС туралы қауесет сөздерді жоққа шығаратын ақпараттар жарияланатынын атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу