СҚО-дағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

85

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

СҚО-дағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: egemen.kz

СҚО-дағы үш адамның өмірін қиған өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 2-бөлігі – адам өлтіру бойынша қозғалған.

Естеріңізге салайық, 17 қыркүйек күні СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 58 жастағы әйелдің, 44 және 46 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу