Поляк фермерлері Украинамен шекараны қайтадан жауып тастауға ниетті

Наразылық білдірушілер сағатына бір көлікті өткізіп жіберетіндерін мәлімдеді. 

Поляк фермерлері Украинамен шекараны қайтадан жауып тастауға ниетті Фото: Rafal Mekler/X

Наразылық акциясы 24 желтоқсан күні Медика шекара өткелінде тоқтатылды. Фермерлер Польша билігінен жүгеріге мемлекеттік субсидия беруді және салықтың өсуін тоқтатуды талап етті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Медикадағы фермерлер наразылығының жетекшісі Роман Кондров PAP ақпарат агенттігіне Ауыл шаруашылығы министрі Чеслав Секерски фермерлерге олардың талаптары орындалатыны туралы уәде бергенін айтты. Алайда, премьер-министр мәлімдемеге қол қойған жоқ.

"Біз талаптарымыздың орындалатыны туралы жазбаша растауды алмадық. Сондықтан, біз наразылық акциясын жалғастырамыз", — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Роман Кондров наразылық білдірушілер сағатына бір ғана жүк көлігін БӨП арқылы өткізетінін атап өтті.

Айта кету керек, поляк жүк көлігінің жүргізушілері 6 қарашадан бастап бірнеше БӨП-ті жауып тастауды жалғастырып жатыр. Дегенмен, Еуропалық Одақ украиналық компаниялардан ЕО-да жұмыс істеуге рұқсат алуды талап ететін өзара жүйені қалпына келтіруді сұрады.

"Мен тасымалдаушылар үшін оқшаулауды өз мүдделерін қорғау әдісі ретінде қолданбауды сендіруге тырысамын. Біз олардың мүдделерін тиімді қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", — деді Польша премьер-министрі Дональд Туск баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу