POS-терминалдар саны жағынан Ақтөбе облысы алда тұр

795

Екінші орында Нұр-Сұлтан тұр.

POS-терминалдар саны жағынан Ақтөбе облысы алда тұр

Елодада POS-терминалдар саны  25,9 мыңға жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

2019 жылдың ақпан айының соңында POS-терминалдардың саны 138,9 мыңды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,9 пайызға артық. Олардың 93,9 пайызы сауда кәсіпорындарында орналасқан.

"Қазақстанның ішінде POS-терминалдар санының жылдық өсуі бойынша Ақтөбе облысы бірінші орында, өңірде көрсеткіш бірден 20% ұлғайып, 6,9 мың терминалға дейін артты. Екінші орында Нұр-Сұлтан тұр, мұнда терминалдар саны 12,8%-ға артып, 25,9 мыңға дейін өсті. Ал үшінші орында Алматы қаласы 11,1% көрсеткішпен 39,7 мың терминалға дейін өсті", – деп хабарлайды Цифрлық Қазақстан бағдарламасы қызметі. 

Цифрлық қызмет мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың басында POS-терминалдардың саны 135,8 мыңды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу