POS-терминалдардың саны көбейгенімен, сұраныс азайған

813

2019 жылы банк картасынан тікелей төлем қабылдайтын POS-терминалдардың саны 25% өскен.

POS-терминалдардың саны көбейгенімен, сұраныс азайған

Ranking.kz-тің жазуынша, 2019 жылдың желтоқсанында елдегі POS-терминалдар саны 170,4 мың данаға жеткен. 

"Мұндай өсімге сауда орындарының тікелей төлем құралдарын көптеп сатып алуы түрткі болды. Ал банктер керісінше POS-терминалдар санын екінші жыл қатарынан азайтып отыр. 2019 жылы банктер 8,7 мың терминалдың қызметінен бас тартқан", – деп жазады Ranking.kz.

Елдегі POS-терминалдардың жартысына жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан екен. Елордада 30,8 мың, Алматыда 49,3 мың тікелей төлем құрылғылары бар. 
Былтыр тек Маңғыстау облысында ғана POS-терминал саны азайған. Яғни бір жылдың ішінде 5 мың терминал жұмысын тоқтатқан. 

Бір қызығы, POS-терминал арқылы жасалған төлемдердің саны азайғанымен, аударылған ақшаның көлемі 47,4% артқан. Ranking.kz өткен жылда аталмыш төлем түрі арқылы 3,5 трлн теңгенің саудасы жасалды деген дерек келтіреді. Бұл қолма-қол емес аударымның 26%-ын құраған. Сондай-ақ, былтыр қолма-қол төлем көлемі 10,9 артып, 2,1 трлн теңгені құраған. Бұл елде жасалған барлық төлемнің 13,5-ы деген сөз.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу