Премьер-министр: 2024 жылы еліміз 2 млрд долларға химия өнімдерін экспорттады

111

Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7% ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50% жоғары болды.  

Премьер-министр: 2024 жылы еліміз 2 млрд долларға химия өнімдерін экспорттады Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін химия, мұнай химиясы салаларын дамытудың стратегиялық маңызын атап көрсетті. Химия өнеркәсібі ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, металлургия және құрылыс сияқты басқа да салалардың дамуын қамтамасыз етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7% ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50% жоғары болды. Химия өнімдерінің экспорты 2 миллиард доллардан асты, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 13% артық, – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Премьер-министр келтірген мәліметке сәйкес, биыл І тоқсанда аталған салада оң динамика сақталып отыр, яғни химия саласы 12,5% өсті. 

– Елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олар минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттармен қатар ауқымды өнім спектрін шығарады. Атырау облысында жұмыс істеп тұрған полипропилен зауыты Орталық Азияда осы бағыттағы ең ірі кәсіпорын. Былтыр жобаның II кезеңі, яғни полиэтилен өндірісі зауытының құрылысы басталды, бұл отандық өңдеу өнеркәсібіндегі ең ауқымды жоба. Ол импорттық өнімдерді толық алмастырып, қосылған құны жоғары экспорттың өсуін қамтамасыз етуі керек. Зауыттың ел экономикасына тигізетін мультипликативтік әсері зор болуы тиіс, – деді Бектенов.

Сондай–ақ Үкімет басшысы Жамбыл облысында натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту жоспары барын айтты. Одан бөлек, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат өндірісі бойынша перспективалы жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жобалар қосылған құн тізбегін құруға үлкен үлес қоспақ.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Жамбыл облысында натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту жоспары барын айтты. Одан бөлек, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат өндірісі бойынша перспективалы жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жобалар қосылған құн тізбегін құруға үлкен үлес қоспақ.

Бұдан өзге пролипропилен зауытында өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуы және полиэтилен мен бутадиен шығару жобаларын іске асыру кезеңдерінің созылып кетуі алаңдаушылық туғызып отыр. Мұнда мерзімдерді бұлжытпай сақтау, өндірістің тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу