Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

481

Үкімет басшысы ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.  

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Фото: primeminister.kz

"16 желтоқсан – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданып, тұтас әлем егеменді Қазақстанды ресми түрде алғаш мойындап, азат ел, дербес мемлекетіміздің берік негізі қаланған айрықша күн. Бұл күн – азаттық алуға зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерін ұлықтап, сол жолда өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың рухына тәу етер тағзым күні. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Осынау ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Ел іргесі берік, көк туымыз әрқашан биік болғай!", - делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу