Премьер-министр бизнес өкілдерін инклюзияны дамытуға үндеді

238

Бұл бағытта "Самұрық-Қазына" қоры тарапынан инклюзивті жобалар қолға алынған. 

Премьер-министр бизнес өкілдерін инклюзияны дамытуға үндеді Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инклюзия саласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қордың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан инклюзивті жобалар барысы туралы айтты. 2020 жылдан бері мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған 100 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 700 млрд теңге бөлінді. Қор тобында ерекше қажеттіліктері бар 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

"Қор тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл бағытта басқа да квазимемлекеттік, сонымен қатар жеке компанияларды осы бағытта белсенді жұмыс істеуге, қолдауға мұқтаж адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге, тиісті қажетті жағдай жасауға шақырамын", – деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, жыл аяғына дейін инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу