Премьер-Министр ірі кәсіпкерлерді қазақстандық үлесті дамыту бағдарламаларын қабылдауға шақырды

242

Олардағы негізгі құрал ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу болуы тиіс. 

Премьер-Министр ірі кәсіпкерлерді қазақстандық үлесті дамыту бағдарламаларын қабылдауға шақырды Фото: inbusiness.kz

Әлихан Смайылов "Қазақстандық мазмұны 2.0" халықаралық форумында 3 жыл ішінде қазақстандық мазмұнды 60%-ке дейін жеткізу бойынша нақты міндет қойды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы біздің алдымызға 3 жыл ішінде қазақстандық мазмұнды 60%-ке дейін жеткізу бойынша нақты міндет қойды.

Ол үшін қажетті әлеует пен ресурстар бар.
Бұл, ең алдымен импортқа тәуелділікті төмендетуді талап етеді. Импорт үлесі әлі де 46%-ті құрап отыр", — деді Ә.Смайылов.

Мәселен, мұнай-газ саласында сатып алулардың ең үлкен үлесі 3 ірі консорциумға тиесілі. Бұл – бүкіл энергетика саласындағы сатып алулардың 75 пайызы. Жыл басынан бері сатып алулардың көлемі 3,5 трлн теңгені құрады, оның 1,9 трлн теңгесі – жергілікті тауарлар үлесіне беріліп отыр. Оның небәрі 9%-ы ғана тауарларға тиесілі болып отыр. Басқа салаларға тоқталсақ, тау-кен секторында сатып алынатын отандық тауарлардың үлесі – 15%, машина жасауда – 13,5%, фармацевтикада – 20%-ті құрайды.

"Сондықтан, "Атамекен" ұлттық палатасының қатысуымен өндірушілер мен ірі кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстар орнату бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру маңызды деп санаймыз. Бұл біздің ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамытуға мүмкіндік береді.

Үкімет барлық өңірлердің орта бизнес өкілдерімен бір қатар кездесулерді өткізді.
Оларға жергілікті өндірісті ұйымдастыруға перспективалары жоғары өнеркәсіптік бағыттар ұсынылды", - деді Үкімет басшысы.

Осындай өндірістерді енгізу үшін инвестициялық заңнамада мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Бизнес өкілдерін өндірістерді локализациялау үшін белсенді жұмыс жасауға шақырамыз. Ірі кәсіпорындар өздерінің жергілікті мазмұнын дамытудың бағдарламаларын қабылдауы тиіс.
Оның ішінде ұзақ мерзімді оффтейк-контракттар жасасу негізгі құрал болуы тиіс", - деп түйіндеді Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу