Премьер-Министр кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

886

Ол мемлекет заң үстемдігін қамтамасыз етенінін айтты.

Премьер-Министр кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірге инвестициялық ахуалды және бизнес ортаны одан әрі жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылады. 

"Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Онда негізінен жеке инвестицияларға басымдық беріледі. Бізге еліміздің экономикасын қалпына келтіру мен дамытудың драйвері болатын жобалар қажет. Қазақстандық бизнесті отандық экономикаға белсенді түрде инвестиция салуға шақырамын, ал мемлекет жеке меншіктің және заң үстемдігінің тұрақтылығына кепілдік берілуі тиіс", – деді Премьер-Министр елордада өтіп жатқан "Атамекен" ҰКП-ның IX кезектен тыс съезінде.

Әлихан Смайылов инфрақұрылым бизнестің бәріне бірдей қолжетімді болуы қажет деген пікірде.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу