Премьер-министр Қытай мен АҚШ қор биржасының басшыларымен кездесті

1035

Премьер-министр Қытай мен АҚШ қор биржасының басшыларымен кездесті

Астанада өткен "Kazakhstan Global Investment Roundtable" форумы аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Лию Шатонгпен және NASDAQ вице-президенті Мейер Фручероммен кездесті, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

Кездесу барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығы ("Астана" ХҚО) биржасын ынталандыра отырып, Қазақстан мен өңірлердің капитал нарығын дамыту аясында Шанхай қор биржасы және NASDAQ компаниясымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

"Астана" ХҚО негізгі қаржы инфрақұрылымы болуы тиіс биржалық қызметі негізінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына жан бітіріп және оларды халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ететін болады.

Кездесуге қатысушылардың пікіріне қарағанда, "Астана" ХҚО әлемде көп бағыттық маңызды және ықпалды қарым-қатынастардың бірі болып табылатын "Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеу" бастамаларын іске асыру аясында басым рөлдерді атқаратын болады.

Сондай-ақ, кездесуде NASDAQ компаниясының инвесторлардың тартымды қаржылық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  қаржы нарығын дамыту бағыттарына озық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстары қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу