Премьер-министр мониторинг топтарының жұмыс тиімділігін күшейтуді тапсырды

658

Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, халықтың шектеу шараларын сақтауын бақылауды жалғастыру керек, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Премьер-министр мониторинг топтарының жұмыс тиімділігін күшейтуді тапсырды

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді.  Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53% және реанимациялық бөлімдері 47% жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны  6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды", – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек. Қазір елде вакцина қорын толықтыру шаралары қабылданып жатыр.

"Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет. Халықтың шектеу шараларын сақтауын бақылауды жалғастыру керек. Бұл үшін өңірлерде мониторинг топтарының саны көбейтілді, олардың қызметінің тиімділігін күшейту қажет", – деді ол.

Премьер-министр барлық өңір мен мемлекеттік органда вакцина салдырудың қажеттігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейту керектігін айтты.

"Қызыл" аймақтардағы өңірлерде демалыс күнгі локдаундарды сақтау қажет. Бүгінгі күні тіркелген "ASHYQ" пайдаланушылар саны 4 миллионнан асты. Қазірдің өзінде жобаға 111  мың бизнес субъектісі қатысады. Бизнеспен жұмысты жалғастырып, жобаға қатысушылар санын ұлғайту керек", – деген Үкімет басшысы осы жұмысты бақылауды өз орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу