"Премьер-Министр неге тілшілердің алдына шықпайды?"

876

Журналистер Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтан "Премьер-министр неге тілшілердің алдына шықпайтынын" сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Премьер-Министр неге тілшілердің алдына шықпайды?"

"Еститін үкіметтің басшысы бірде-бір рет журналистердің алдына шыққан жоқ. Неліктен?", – деп сұрады Азаттық Радиосының тілшісі.

"Үкіметтен келетін ақпараттың бәрі біздің арнайы ақпараттық қызмет арқылы беріліп отырғанын жақсы білесіздер. Үкіметтің әрбір мүшесі толық ақпаратты Орталық коммуникациялар алаңы арқылы да, үкіметтің отырысынан кейін де толық беріп жатыр. Өткенде алдарыңызға шықты", – деді Ералы Тоғжанов.

Алайда тілшілер жауапқа қанағаттанбады. Ақыры Ералы Тоғжанов "Маминге қатысты сұрақты өзіне қойыңыздар" деп құтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу