Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Отырыс барысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар сарапшылардың мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жетілдіру жөнінде айтқан ұсыныстары талқыланды.
Отырыс қорытындысында премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға еліміздің заңнамасына тиісті түзетулер енгізу үшін сарапшылардың ұсыныстарын зерттеп, танысуды тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу