Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық еткен комиссия Маңғыстау облысына барды

404

Төтенше жағдайға байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына келген Комиссия мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, оқиға орнында қажетті шаралар қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық еткен комиссия Маңғыстау облысына барды Фото: azattyq-ruhy.kz

Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық етеді. Комиссия мүшелері қазіргі ахуалды бағалап, төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты барлық бағыт бойынша одан әрі қабылданатын шараларды айқындайды.

Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге, оқиғаның мән-жайын анықтауға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтердің іс-қимылын үйлестіруге ерекше назар аударылады.  

Комиссияның жұмысы оқиға орнында жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу