Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

902

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ  

Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестицияларды басқару жүйесін реформалау, атап айтқанда инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, Үкімет шешімдерін қабылдау талап етілетін инвесторлардың проблемалық мәселелері талқыланды.

С. Чакрабарти Қазақстанның азаматтық қоғамының қатысуымен ҚР СІМ жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысын жоғары бағалап, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту туралы идеяларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты тұрақты негізде жалғастыру туралы уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу