Премьер-министрге QazaqGaz басшысының баяндамасы ұнамай қалды

Үкімет отырысында Санжар Жәркешев елді мекендерді газдандыру жұмыстары туралы айтқан болатын.

Премьер-министрге QazaqGaz басшысының баяндамасы ұнамай қалды Фото: Үкімет

Баяндамадан соң Олжас Бектенов QazaqGaz басшысына саладағы проблемалардан айналып өткені үшін ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы атқарылған жұмыстарын жіпке тізгендей етіп, баяндап берген-ді. Мұнысы Премьер-министрге жақпай қалды. 

– Жұмыстарыңызда ешқандай мәселелер жоқ па сонда? Тек жұмыстың оң нәтижелерін көрсеттіңіз. Проблемалық мәселелерді көбірек айту керек, жарыққа шығару керек, талқылау керек. Бар ма, ондай мәселе? – деп сұрады Олжас Бектенов. 

Осыдан кейін Санжар Жәркешев Қашағандағы газ өңдеу зауытында мәселе туындағанын, бірақ оның да жұмысы қазір толық жолға қойылғанын жеткізді. 

– Қашағандағы газ өңдеу зауытының проблемалары болды, өзіңіз білесіз. Оның құрылыс жобалары, құрылыс жұмыстары баяу болған тұғын. Қазіргі уақытта басқа бас мердігер келген. Құрылыс проблемалары шешіліп, 100 пайыз жабдықтар Қытайдан келді. Құрылыс ұлғайтылды, қазіргі уақытта белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деп нақтылай кетті QazaqGaz басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу