Президент 4 облыс әкімінің есебін телефон арқылы тыңдады

326

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады.    

Президент 4 облыс әкімінің есебін телефон арқылы тыңдады Фото: ulysmedia.kz

Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу