Президент АЭС құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауды тапсырды

1153

Оның пікірінше, елде атом энергетикасын дамыту өзекті.

Президент АЭС құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты нақты шешім қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

"Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаржы секторының өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу